АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы Қазақстан экономикасына әсер ете ме?

Мәжіліс кулуарында  АҚШ-тың Қытайға жасап отырған сауда соғысынан Қазақстан экономикасы зардап шегуі туралы сауалға Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев жауап берді. 

Оның айтуынша, Америка сияқты ірі державалардың сыртқы саясаты экономикамызға әсерін тигізетіні рас. Алайда өңделген тауарлар саудасына еш қатысы жоқ.

«Біз жақын-жуық мемлекеттерге, соның ішіндеӨзбекстан, Ресей, Қытайға импорт жасаймыз. Ал мұнай өңделген тауарға жатпайды. Сондықтан бұл сұраққа оған экономика және энергетика министрлігі жауап береді. Өңделгер тауарлардың экспорты көтеріліп жатыр. Былтыр бүкіл экспорт 1,5 пайызға өссе, әр өңделген тауардың экспорты 5 пайызға артты. Өсім алдағы уақытта осылай қалады деп ойлаймын», деп жауап берді вице-министр.

Related posts

Алматыда Қазақстанның халық артисі Мұрат Серкебаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Назия Жоямергенқызы

Президент тапсырмасымен Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды

editor

Астаналықтарды әлеуметтік медивиналық сақтандыру жүйесімен қамту

ttjk