Жол салуға арналған жер телімдерінің қолданыс мақсатын өзгертуге мораторий жарияланбақ

Үкімет басшысы Олжас Бектенов әкімдерге жол салуға арналған жер телімдерінің қолданыс мақсатын өзгертуге мораторий жариялауды тапсырды.

Алдағы уақытта жобалардың қымбаттап, мерзімдердің созылып кетуіне жол бермеу үшін барлық дайындық жұмыстарын ерте бастап жүргізу керек. Осылай деген Премьер-министр әкімдіктерге болашақ жобаларға арналған жерлерді резервке қойып, ол телімдерді беруге және нысаналы мақсаттарын өзгертуге мораторий жариялауды жүктеді. Сондай-ақ ол тиісті министрліктерге де тапсырма берді. «Өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеу қажет. Көлік министрлігі жол салуға қажетті жерлерді мемлекет мұқтажы үшін жедел сатып алуды заңнама деңгейін реттеу мәселесін пысықтасын»,  деді Олжас Бектенов.

Related posts

TÜRKİYE ANNOUNCES AT WTM: Over One Million Turkish Hotel Beds Are Now Sustainably Verified & Certified

Назия Жоямергенқызы

Жемқорлардан қайтарылған қаржы Жамансор ауылына жұмсалмақ

editor

Alaçatı: Where the heart of surf beats

Назия Жоямергенқызы