Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Кеше елімізде Ұлттық басылым күні болды. Осыған байланысты Президент құттықтауы жарияланды. 

«Қадірлі баспасөз қызметкерлері! Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі. Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді. Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді» делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүргенін жеткізген. «Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін!» деді Президент.

Сыдықбек Анел, Алматы қаласының Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

Related posts

Cтамбұл «2024 жылы саяхаттауға лайық ең жақсы 50 жер» қатарына енді

Назия Жоямергенқызы

Мемлекеттік кеңесші Батыс Қазақстан облысында қоғам белсенділерімен бірқатар кездесу өткізді

editor

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы халықаралық сертификаттарын алды

ttjk