БОКСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 9 АЛТЫН ИЕЛЕНДІ

Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды.

Жүлде бойынша ТОП-3 мемлекет:

Қазақстан – 9 алтын, 3 күміс, 8 қола
Өзбекстан – 8 алтын, 8 күміс, 4 қола
Үндістан – 6 алтын, 8 күміс, 6 қола

Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді:

Ең үздік жас қыз боксшы – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

Ең үздік жас ұл боксшы – Төрехан Сабырхан (Қазақстан)

Азиз Қожамбетов (Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті):

— «Елорда төрінде өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты жоғары дәрежеде өтті деп, ойлаймын. Біріншіден, жарысты ASBC YouTube платформасы тікелей эфирде көрсетіп, көрушілердің жалпы саны рекордтық 100 мыңнан асты. Екіншіден, Азия біріншілігінде рекордтық 435 спортшы қатысты. Бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп. Адам санының көп болуы жарысты өткізуге біршама қиындық тудырды. Мысалы, бастапқыда күніне 50-ден астам айқас өтіп, түнгі 22:30-ға дейін жалғасты. Бұл өз кезегінде төрешілердің шаршауына әсер етті. Сондықтан алдағы уақытта Азия бокс қауымдастығы жасөспірімдер мен жастардың Азия чемпионатын бөлек ұйымдастыруды талқыға салуы мүмкін. Үшіншіден, жарысқа әлем чемпионаты, Олимпиадада төрелік еткен 70-80% шетелдік қазылар шақырылып, әділ шешім шығаруға мүмкіндік берілді. Тіпті тәжірибелі төрешінің қателігі кешірілмей, турнирден шеттеткен жағдай да кездесті. Өздеріңіз көргендей, тіпті тең айқас өткеннің өзінде төрешілер Қазақстан тарапына бермеген сәттер біршама болды».

Related posts

Everything You Need To Know About Cambodia From Jungle Temples

ttjk

ШЫҰ мүше мемлекеттер өзара әріптестікті күшейту бағытында меморандумдарға қол қоюда

ttjk

Трофей Лиги чемпионов УЕФА найдет нового владельца в Стамбуле

ttjk