138 адамның жаза мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауысты

Шымкентте түрмеден ерте босап шыққан 138 адам қателіктері үшін қайтадан темір торға қамалған. 

Қала прокуратурасы пробация есебінде тұрған азаматтарды тексеретін мобильді топ құрып, түрмеден ерте шыққан 138 адамды қайта қаматып тастаған. Мобильді топ мерзімінен ерте шығу туралы сот шешімін орындамай жүрген азаматтарға қатысты 258 заң бұзу фактісін анықтаған. «Осылайша, 192 сотталған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 138 сотталушының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауысты», дейді қала прокуратурасы.

Related posts

«Казфосфат» өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін ЖИ пилоттық жобасын іске қосты

Назия Жоямергенқызы

Президент: «Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр»

editor

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті