Сыртқы істер министрі Кипр Елшісін қабылдады

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанда дипломатиялық қызметінің басталуына орай Кипр Республикасының Елшісі Петрос Накузисті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кипр ынтымақтастығының ағымдағы аспектілерін, оның ішінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының арасында бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруын талқылады. Астана мен Никосияда екі елдің елшіліктері ашылуының маңыздылығы аталып өтті. Бұл қадам қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деген жалпы пікір білдірілді.

Кездесу соңында министр Мұрат Нұртілеу Кипр Елшісіне Қазақстандағы қызметінде табыс тіледі.

Related posts

Астанада жағалаудан 20 жастағы қыз өлі табылды: марқұмның әкесі мәлімдеме жасады

Назия Жоямергенқызы

СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЕРСТВО КАЗАХСТАНА И ФРАНЦИИ В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ

Назия Жоямергенқызы

Елімізде жаңартылатын энергия үлесі 6 жылда 4 есе өсті

Назия Жоямергенқызы