Мәжіліске жаңадан келген депутат ант берді

Күні кеше Қазақстан халық партиясы (ҚХП) фракциясының атынан сайланған депутат Гаухар Танашеваның Мәжілістегі өкілеттігі тоқтаған болатын. Көпбалалы ана ретінде ол елдегі бірқатар өзекті сауалды қозғап, Үкіметке сын таққаны да мәлім. Дегенмен бүгін экс-депутаттың бұл мандаттан кетуіне нақты не түрткі болғаны туралы партия жетекшісі мардымды жауап берген жоқ. Алайда фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов «Себебі – жаңа міндеттер. Ол (Гаухар Танашева – ред.) өз жұмысын істеді, әлеуметтік мәселелерді көтерді, енді жұмысшы мамандықтары бойынша жаңа міндеттер тұр. Бізде бұл бағытта өз көзқарасымыз бар, қалай жасау керегін білеміз. Дәл осы мәселемен депутат Нұралин айналысады,» деп қысқа қайырды.

Ал бүгін Гаухар Танашеваның орнына келген Асылбек Нұралин Мәжілістің депутаты ретінде ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды. «Мен, Асылбек Жамашұлы Нұралин, Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, маған жүктелген депутаттық міндеттерді адал атқаруға уәде беремін», деді ол.

Related posts

«ЕРКІН СӨЗ»-2025 БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Назия Жоямергенқызы

Мүдделер қақтығысы туралы қорытынды ұсынылмақ

editor

Five reasons why you should visit Cappadocia at least once in your life

ttjk