Жетісу облысында он айдың ішінде бір жасқа дейінгі 73 сәби өлімі тіркелген

Былтыр Жетісу облысында 1 жасқа дейінгі 111 сәби қайтыс болған. Оның ішінде 50 бала облыстық перинаталдық орталықта, 28 сәби орталық аудандық ауруханаларда, 10 сәби көпсалалы облыстық балалар ауруханасында, 3 нәресте жұқпалы аурулар ауруханасында, 11 бала облыстан тыс басқа да анықталмаған медициналық ұйымдарда, 9 сәби үйде қайтыс болған. Үйдегі өлім көбіне балаға дем жетпей қалудан болғаны анықталған екен.

Ал биыл өңірдегі сәби өлімі төмендеген. «Биыл он айда бір жасқа дейінгі 73 сәби өлімі тіркелді. Өлім-жітімнің негізгі себептері ретінде тыныс ауруларын, өкпенің қабынуын, инфекциялық ауруларды, туа біткен ақаулар мен жазатайым жағдайдан улануды, қан ауруларын, сепсис ауруларын айта аламыз», делінген Денсаулық сақтау басқармасы берген хабарламада. Былтыр 1 — 5 жасқа дейін 36 бала қайтыс болса, 2024 жылғы 10 айда 31 бала өлімі тіркелген.

 

Related posts

ҚОЖАЙЫНДАР АТТРАКЦИОНДАРДЫ САҚТАНДЫРУҒА МІНДЕТТІ

Назия Жоямергенқызы

ПРЕЗИДЕНТ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Назия Жоямергенқызы

Мевлют Чавушоғлу: Терроризмнің ұлты да, этникалық түрі де, діні де жоқ. FETO бүкіл адамзатқа қауіп төндіруде

ttjk