Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялаған.
Статистикаға сәйкес,1 желтоқсанда елімізде 20 265 320 адам тұрған. 2024 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 231 478 адамға өсті. Табиғи өсім 217 133 адам болса, көші-қон сальдосы 14 345 адамға тең.
Қазақстанда миллионнан астам тұрғыны бар үш қала бар: Алматы (2 286 328 адам), Астана (1 520 756 адам) және Шымкент (1 253 280 адам). Сондай-ақ, халқы миллионнан асатын облыстар: Түркістан облысы (2 154 304 адам), Алматы облысы (1 557 932 адам), Жамбыл облысы (1 222 411 адам) және Қарағанды облысы (1 134 002 адам). Халықтың көпшілігі қалалы жерде тұрады. Мәселен, қала тұрғындарының саны – 12 629 615 адам. Ауылдық жерлерде 7 519 966 адам өмір сүреді.