АҚПАРАТ МИНИСТРІ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ

Күні кеше ғана ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің тізгінін қолға алған Дәурен Абаев еліміздегі ең беделді әлеуметтік желілер қатарындағы Facebook-ке тіркелді.

Өзінің әлеуметтік желіден парақша ашу себебін қызметімен байланыстырған министр мырза: «Бүгінде фейсбук-қоғамдастық қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің айнасына айналды. Ең маңызды әрі өзекті мәселелер осы жерде талқыланады. Сондықтан, мен сіздермен ұдайы байланыста болу арқылы ғана қоғамның тыныс-тіршілігінен толық хабардар болатыныма сенімдімін. Біздің министрлікке ақпарат кеңістігін, телекоммуникация нарығы мен мемлекеттік қызмет көрсету секторын дамыту жөнінде маңызды міндеттер жүктелді. Біз үшін әрбір Қазақстан азаматының жүргізіліп жатқан реформалар мен қабылданатын заңдардың мәнін түсінгені, ең өзекті мәселелерге қатысты сауалдарына мемлекеттен сапалы жауап алғаны маңызды. Бұл жұмысты біз ашықтық пен есептілік сияқты ең басты қағидаттарды негізге ала отырып жүргіземіз.
Ведомствомыз қазір ұйымдастыру мәселелерін шешіп жатыр. Таяу арада жоспарларымызды таныстырып, идеялар мен ұсыныстарды қарастыруға дайын боламыз. Ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенемін!», – деді.

Нәзия Жоямегенқызы,

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Келешектің келбетін серіктесе әрекет ететіндер айқындайды – Тоқаев Шанхайдағы ЖИ жөніндегі конференцияда

Назия Жоямергенқызы

Түркістандағы Түркия туризмі туралы кездесу

ttjk

2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 156 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды

ttjk