Өңірдегі мәселені шешуге жасанды интеллект көмекке келеді

Алдағы уақытта өңір әкімдері әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жасанды интеллектің көмегіне жүгінуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Цифрлық Үкіметтің кеңсесіндегі «Отбасының цифрлық картасы» таныстырылымы кезінде айтылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бұл жүйе елдегі 6 миллионнан астам отбасыны цифрландырғанын мәлім етті. Оның айтуынша, бұл жерге азаматтар өтініш беретін е-Өтініш жүйесінің деректерін және әкімдіктер пайдаланатын ақпаратты қосып, жасанды интеллекті қолдана отырып, көптеген мәлімет пен ұсыныстар алдық, сонымен қатар осы жүйе облыстағы кез келген ауданның басты проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллектінің ұсыныстарын автоматты түрде апта сайын өңір әкімдеріне жіберіп отыруды тапсырды. «Әрбір әкім жұмыс орнында осы ақпаратты ашып, қай жерде қандай проблема бар екенін көріп отыруы керек. Осылайша жасанды интеллектінің пайдасын көреміз. Әрине, бұған өзіміз де талдау жасауға болар еді, бірақ оған қаншама уақыт пен ресурс қажет. Ал жасанды интеллект бұл процесті тездетеді. Осы жұмысты жалғастыру керек»,  деді Үкімет басшысы. Ал министрі өзекті ақпарат әрбір әкімнің электронды поштасына жолданатынын айтып отыр.

Related posts

Наслаждайтесь свежими летними ароматами Турции!

Назия Жоямергенқызы

Assos: The Gem of Türkiye’s North Aegean

editor

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры үш қалада семинар-тренинг өткізді

ttjk