411 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Биыл желтоқсанда 411 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алған. 77,6 мың отбасындағы 411,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, биыл осы мақсат үшін бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығаруға бағытталған.

АӘК арқылы табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% — нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады. Сондай-ақ табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру көзделген. Биыл 1 желтоқсанға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 128,8 мың балаға 5 млрд. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалып отыр. Ал жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) секілді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу де қарастырылады.

Еске сала кетейік, қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере  алады.

Related posts

Ербол Хамитов Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналмақ

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды

Назия Жоямергенқызы