Түркия Республикасы Нурдагы қаласы Газиантеп провинциясында мектептің іргетасын қалау рәсімі өтті. Ғимарат құрылысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен.
Газиантеп провинциясы 2023 жылдың 6 ақпанында болған жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі. KazAID түрік-қазақ бауырластығының символына айналатын мектеп құрылысының операторы екені хабарланып отыр. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев, Газиантеп провинциясының губернаторы Кемал Чебер, сондай-ақ Түркияның Сыртқы істер және Білім Министрліктер мен KazAID агенттігінің өкілдері қатысты.
Айта кетейік, осыған дейін Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстанға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып өткен болатын. «Бұл мектеп болашақ ұрпақ адал болатын түрік-қазақ бауырластығының нышандарының біріне айналатынына сенімдімін. Қазіргі жаһандық жағдайда түркі әлемі елдері өзара іс-қимылды нығайтуға тиіс. Қазақстан маңызды қадамдар жасады және бұл құрылыс — осының жарқын дәлелі», — деді Түркия Президенті.