Оңтүстік Корея президентінің көмекшілері отставкаға кетті

Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ельдің көмекшілері отставкаға кетті.

Отставкаға кеткендер қатарында президент штабының бастығы Чон Джин Сок, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Син Вон Сик және Саясат жөніндегі штаб бастығы Сон Тэ Юн, тағы жеті аға көмекші бар. Шенділердің отставкаға кету туралы ұсынысы президент Юн Сок Ель сейсенбіде кешке әскери жағдай жариялап, оппозицияны импичмент және қысқартылған бюджеттік заң жобасы туралы ұсыныстары үшін елдің қызметін тоқтататын «мемлекетке қарсы күштер» деп айыптағаннан кейін түсті.

Кеше кешке Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель төтенше әскери жағдай жариялады. Бұл шешім оппозициялық Демократиялық партия Парламентте қысқартылған бюджет туралы заң жобасын қолдап, мемлекеттік аудитор мен бас прокурорға импичмент жариялау туралы өтініш бергеннен кейін қабылданды. Алайда Оңтүстік Кореяның Ұлттық Ассамблеясы елде әскери жағдай енгізілуіне қарсы дауыс берген. Дауыс беру кезінде Ұлттық ассамблея ғимаратында әскери жағдайды жоюды талап еткен азаматтар әскери адамдармен, полициямен қақтығысып қалды. Кейін ел президенті төтенше әскери жағдайды алып тастайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери жағдайдағы әскер шығарылған, ал жақын арада Үкімет отырысы өтеді.

Related posts

Türkiye’s centuries-old picturesque towns ‘Safranbolu and Daday’ join the Cittaslow Network

ttjk

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры үш қалада семинар-тренинг өткізді

ttjk

Michelin Истанбулдагы 53 ресторанды тизмесине киргизди

ttjk