Қыздарға қарағанда ұл балалар дүниеге көп келеді

Қазақстанда соңғы жылдары қыздарға қарағанда ұл балалар көбірек дүниеге келеді.

Биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралығында елде 278 698 сәби дүниеге келген. Оның 144 015-і – ұл бала, ал 134 683-і – қыз бала. Ұлттық статистика бюросының сарапшысы Бибігүл Мираспектің айтуынша, бұл көрсеткіште Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы көш бастап тұр.  Орта есеппен, 100 қыз балаға 105 ұл бала дүниеге келеді. Сонымен қатар биыл 5 мыңнан астам егіз және жүзге жуық үшем туған.

Демографтардың айтуынша, шамамен 40 жаста ерлер саны әйелдерден азая бастайды. Бұл ерлер арасында өлім-жітім деңгейінің жоғары болуына байланысты болған. «Ерлердің өлім-жітіміне негізінен жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық аурулар, жол-көлік апаттары, өзіне-өзі қол жұмсау, кісі өлтіру және өндірістік жарақаттар себеп болып отыр. Өкінішке қарай, аталған себептер бойынша ерлер әйелдерге қарағанда төрт есе жиі қайтыс болады», дейді демограф Шынар Төлешова.

Related posts

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы

editor

Исторические дома в Карабуке

ttjk

Алматы: он жылдағы рекордтық көрсеткіш

Назия Жоямергенқызы