Қайтарылған қаржы есебінен ерекше балаларға арналған балабақша салынады

Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден тағы шамамен 8 млрд теңге әлеуметтік нысандарға бағытталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру жалғасып жатыр.

Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады. Бүгінгі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді. Жобаны іске асыру қажетті инфрақұрылымды құруға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту мен тәрбиелеуді қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын салу жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданған болатын.

Related posts

Қазақстан мен Түркия әскери мүлік пен персоналды әуе кеңістігі саласында уағдаластыққа қол жеткізбек

editor

20 Must Visit Hong Kong Attractions & Travel Guide

ttjk

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгінгі кездесу Ұйым жұмысына тың серпін беруге тиіс

editor