Астанаға бағыт алған автобус жолда қалды

Ташкенттен Астанаға бағыт алған жолаушылар автобусы Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы кезінде бұзылып, жолда қалған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жолаушылардың барлығы құтқарылғанын хабарлады. «Ауа райының күрт өзгеруі көптеген адамды жолда қалдырды. Ташкенттен Астанаға бара жатқан автобустың жолаушылары да күтпеген жерден жолда қалды», делінген ведомствоның хабарламасында.

Оқиға Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылынан 10 шақырым жерде болды. Жол жиегінде тұрған автобусқа аудандық полиция қызметкерлері көмекке келді. Олар жақын маңдағы елді мекенге 13 жолаушыны, сондай-ақ екі жүргізушіні эвакуациялады. Құтқарылған адамдарды тәртіп сақшылары ыстық тамақпен, уақытша жылы баспанамен қамтамасыз етті.

Related posts

Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Назия Жоямергенқызы

Измир Lonely Planet нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік қонақүйлерінің тізіміне қосылды

Назия Жоямергенқызы

Президент аймақтың ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты

editor