Мемлекетке 525 миллиард теңге қайтарылды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Жиында мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге аударылғаны белгілі болды.

Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдады. Қаражатты арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, заң субъектілері есебінен келесі объектілердің құрылысы мақұлданды: Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Биылғы жылдың басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды»,  деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

 

Related posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

editor

Эрджиес: на вершине Анатолии

ttjk

Студенттер Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру идеяларын ұсынды

ttjk