TikTok-тан 1,2 миллионнан астам балалар аккаунты өшірілді

Биыл елімізде TikTok-тан 1,2 миллионнан астам балалар аккаунты өшірілген. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда TikTok-ты бұғаттауға қарсы екенін білдірді. Алайда ол қазіргі жастарды тәрбиелеу мәселелері тек әлеуметтік желілерге байланысты емес екенін айтты.

Үкімет басшысы депутат Геннадий Шиповскихтің еліміздеTikTok-ты бұғаттау туралы ұсынысына жауап бере келіп, платформада экстремизм, радикализм, сепаратизм, аса қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы келетін контентті бұғаттайтын алгоритмдер әзірленгенін айтты.

«Модераторлар командалары жергілікті даулы контентті қарап, қолданушыларға қауіп төндірсе, оны өшіреді. TikTok – 13 жасқа толмаған қолданушылардың аккаунттарын жою санын ашық көрсеткен алғашқы ірі платформа. Биылғы сегіз айда Қазақстанда 13 жасқа толмаған қолданушыларға тиесілі 1,2 миллионнан астам аккаунт өшірілді», деп жазылған премьер-министр жауабында.

Үкімет басшысы YouTube Kids сияқты балаларға арналған бөлек TikTok қосымшасын жасаудың қажеті жоқ деп есептейтінін жеткізді.

«TikTok 13 жасқа толмаған балаларға арналмағандықтан, YouTube Kids секілді арнайы қосымша жасау мәселесі қарастырылмайды. Платформа App Store және Google Play-де 12+ рейтингіне ие. Бұл ата-аналарға 13 жасқа толмаған балалардың қосымшаны жүктеуіне «ата-ана бақылауы» құралдары арқылы кедергі келтіруге мүмкіндік береді. Ал «отбасылық баптаулар» арқылы ата-ана өз аккаунтын жасөспірімнің аккаунтымен байланыстырып, бақылау жүргізе алады», деді Олжас Бектенов.

 

Related posts

Алматыда ІТ бағдарламашыларды дайындау бойынша ең ірі және бірегей жоба басталды

ttjk

Қас-Кекова: Түрік Ривьерасында жүзу

Назия Жоямергенқызы

ЕР ЖӘНІБЕК КУБОГЫ