Азғындыққа барған ағайындылар қолға түсті

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 12 жастағы қызды алты жыл бойы зорлап келген екі ағайындының екеуі де ұсталды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растаған.

Осыған дейін полицейлер күдіктілердің біреуін ізін суытпай ұстаған болатын. Ал екіншісіне іздеу жарияланған еді.

«Мойынқұм ауданының аумағында ҚК 120-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты зорлау әрекетін жасау) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде болған ер адам ұсталды. Ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан табылды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеген полиция департаментінің өкілдері,  осы баптың санкциясына сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін мектеп қызметкерлеріне қатысты ҚК 141-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетсек, жақында Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Жамбыл облысында 6 жыл бойы туған екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген оқушы қыз туралы айтқан еді. Қазір қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілген.

Related posts

34 млн теңгені жымқырған үш бухгалтерге сот үкімі шықты

editor

Знаменитые турецкие десерты

Назия Жоямергенқызы

Израиль Иранның әскери нысандарына соққы жасап жатыр

editor