Тоғыз айда 345 адам ата-ана құқығынан айырылды

Биыл 9 айда баласына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмаған 345 адам ата-ана құқығынан айырылған.

«Бас прокуратура деректеріне сәйкес, кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылықтың жоғары деңгейі сақталып отыр. Айталық, осы жылдың 9 айында балалар қылмысының 50 фактіге (2024 жылдың 9 айында – 1 263, 2023 жылдың 9 айында – 1213 қылмыс) өскені байқалады. 2024 жылдың 8 айында балаға тәлім-тәрбие беру міндетін лайықты орындамағаны үшін 84 мың заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 345 адам ата-ана құқығын айырылды. Девиантты мінез-құлқы бар 125 жасөспірім балаларға арналған арнаулы мектепке жіберілді», — деп атап өткен Үкімет басшысы депутат сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған 4 арнаулы мектеп бар. Оларда 161 бала тәлім-тәрбие алып жатыр. Сондай-ақ, Абай облысында ұстаудың айрықша режимі бар бір арнаулы мектеп (13 бала тәлім-тәрбие алып жатыр) жұмыс істейді.

Related posts

Halyk Bank-тің жанасусыз төлемдерімен бизнесті тиімді етіңіз

ttjk

Тау шаңғы курорттары кеңейтіледі

Назия Жоямергенқызы

2025 жылғы 26 қазаннан бастап Қазақстанда қандас мәртебесін алу және ұзарту тәртібінің жаңартылған ережелері күшіне енеді

Назия Жоямергенқызы