Еліміздің солтүстік өңіріндегі халық саны 30 пайызға дейін азаюы мүмкін

2050 жылдарға қарай еліміздің солтүстік өңірі халқының саны 30 пайызға дейін азаюы мүмкін. Мұндай пікірді өңірдің демографиялық ахуалына 3 жыл бойы зерттеу жүргізген С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қауымдастырылған профессоры Қайрат Бодаухан мәлім еткен.

Оның айтуынша, елімізде қалыптасқан демографиялық ахуал, оның ішінде солтүстік өңірлердегі халықтың депопуляциясы, урбанизациясы, туудың төмендеуі мәселесі қаншама жылдан бері көтеріліп келеді. Соған байланысты оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару мемлекет бағдарламасы қабылданды. Алайда, бұл бағдарлама тиісті нәтиже бермей отыр. Өйткені, осы салада ғылыми тұжырымдалған зерттеулер жоқ десек те болады. Біз көбіне сандық мәліметтермен, «осынша адамды көшірдік», «осыншама қаржы бөлдік», «осыншама адам келді» деген сияқты деректермен шектелеміз. Бірақ, нәтижесі белгісіз. Яғни, көп жағдайда тіпті «көшіп келген адамдар қалай орналасты», «қаншасы кері көшіп кетті», «олардың жағдайы қандай», «олар белгілі бір дәрежеде келесі көші-қон ағынына оң әсер бере алды ма», «облыстың еңбек тапшылығы мәселесін шешуге үлесін қоса алды ма» деген сияқты көптеген мәселе қарастырылмайды.

Осыған орай «Қазақстан Респубилкасының солтүстік өңірлеріндегі демографиялық ахуал: демографиялық талдаудың модельдері мен әдістері» тақырыбында үш жылдық зерттеу жүргізілген. «Нәтижесінде белігілі бір тұжырымдар жасадық. Әрине, бұл барлық мәселені шешіп тастайды деп айта алмаймыз. Дегенмен, ғылыми-зерттеу жүргізу, арнайы сол өңірлерді аралау, көшіп келген ағайындармен сөйлесу және облыста қалыптасып отырған демографиялық ахуалға зерттеу жүргізу, сарапшыларды тарту арқылы белгілі бір дәрежеде тұжырымға келдік. Солтүстік өңірлердегі халық санының жыл сайын төмендеуі байқалады. Мәселен, 10 мың адам көшіп келсе, 18 мың адам көшіп кетеді. Демографиялық болжамдарға қарағанда, 2050 жылдарға қарай бұл өңірдің халық саны 30 пайызға дейін кемуі мүмкін», дейді ғалым.

Related posts

Шекарашылар баспанаға зәру

editor

Бас есепші бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған

editor

Алматы қаласының Әуезов ауданында жаңа оқу жылына инклюзивті тәсілмен заманауи студенттік жатақхана ашылады

Назия Жоямергенқызы