ТҮРКІСТАНДАҒЫ СЕМИНАР: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

Түркістанда Түркітілдес журналистер қоры «HALYK BANK” серіктестігінде  «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.
Halyk Bank Түркістан филиалының директоры Артур Тасқарин мен командасы Халық банкінің акциялары, әлеуметтік бағыттағы жобалары, Интернет алаяқтық түрлері мен оның жолдары, халықтың қаржылық сауатын арттыру жайлы кеңінен әңгімелеп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Семинарға қатысушы журналистер нәтижесінде қаржылық сауаттылыққа қатысты материалдар дайындап, “Еркін сөз”-2024 байқауында бақ сынайды.

Аталған жоба шеңберінде әріптестер жасанды интеллектті іскерлік журналистикада қолдануды үйренді. Атап айтқанда, постер, афиша, инфографика жасау, фотоколлаж, сурет, ашық дереккөздермен жұмыс, аудио монтаж, дыбысты тазалау, видео монтаж, жасанды интеллекттің т.б. мүмкіндіктері.

Аталған семинарлар тізбегі Атырау, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтауды қамтиды.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар Түркітілдес журналистер қорының “Halyk Bank” АҚ серіктестігінде 2017 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Еркін сөз»-2024 байқауында бақ сынайды. Байқау жеңімпаздары 2024 ж. 11-12 қарашада Алматыда өткізілетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысады.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkdilikonuşangazetecilervakfı #turkicspeakingjournalists
#халықбанк# #halykbank #ШымкентХалық #HalykShymkent #Шымкентсеминар #фишинг #қаржылықсауат

Related posts

Journalism education issues discussed at TDM

ttjk

Кулинарные сцены Измира и Бодрума блестяще вошли в путеводитель MICHELIN 2024 по Стамбулу, Измиру, Бодруму

Назия Жоямергенқызы

В области Абай начато строительство полигона твердых бытовых отходов

Назия Жоямергенқызы