Тұрлыхановтың ұлы тағы дауға қалды

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат тағы қыдырып, басы дауға қалды.

Әлеуметтік желіде Нұрасылдың туған күнде отырған видеосы тарады. Ал сот шешімі бойынша Тұрлыхановтың ұлы пробациялық бақылауда (уәкілетті органдардың сотталғандарға сот жүктеген міндеттерді орындауын және олардың мінез-құлқын бақылау). Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілердің мәліметінше, Нұрасыл Болат бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүр және Алматы қаласының пробация қызметінде есепте тұрды.

«Пробациялық бақылауды бұзу дерегі бойынша сотталған адамға (Нұрасыл Болатқа) ескерту жасалды, жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал дайындалып жатыр», – делінген комитеттің ресми жауабында.

Есте болса, тамызда ғана желіде Нұрасыл Болаттың үйінде пробациялық бақылауда болуы керек уақытында қаланы аралап жүргені түсірілген видео пайда болды. ҚАЖК ішкі тексерісті бастағаны туралы айтылған болатын. Бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Дмитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.

9 қазанда сот Нұрасыл Болатты өзіне тағылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 700 000 теңге көлемінде айыппұл салды. 2024 жылғы 14 мамырда Жоғарғы Сот істі кассациялық тәртіпте қарап, үкімді өзгертті. Тұрлыхановтың ұлына екі жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, өтемақы мөлшері ұлғайтылды.

Related posts

162 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы туризмді дамыту жөнінде кеңес өткізді

ЖАС МАМАНҒА КӘСІБИ КЕҢЕСТЕР

ttjk