Электр энергиясының бағасы қымбаттайды

Алматыда «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асырылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде  Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденеева мәлім етті.

Оның айтуынша, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа тарифтік саясаты аясында «АЖК» АҚ биылға арналған желілерді өз қаражаты есебінен 30,5 млрд теңгеге модернизациялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша электр желілерінің тозуы 2,45% — ға төмендейді деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ департамент басшысы 2024 жылғы 15 қазаннан бастап электрмен жабдықтау үшін орташа өлшенген шекті баға ҚҚС-сыз 29,04 теңге болатынын атап өтті. Тарифтің өсуі орта есеппен 3,7% болмақ. Оның ішінде:

— халық үшін ҚҚС-сыз 27,59 теңге/кВт сағ;
— заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 30,08 теңге/кВт сағ;
— бюджеттік ұйымдар үшін ҚҚС-сыз 30,47 теңге/кВт сағ;
— ҚҚС-сыз 29,04 теңге/ кВтсағ өндіретін тұтынушылар үшін.

Жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер:
— бірінші деңгей үшін ҚҚС-сыз 25,06 теңге/кВт сағ;
— екінші деңгей үшін ҚҚС-сыз 33,11 теңге/кВт сағ,
— үшінші деңгей үшін ҚҚС-сыз 41,39 теңге/кВт сағ.

 

Related posts

The Eastern Express, one of the world’s most iconic train services is ready for the new season

ttjk

Қазақстан: індетке қарсы күрес

ttjk

Алматы әкімі ҚР-дағы Бас және Құрметті консулдармен кездесті

ttjk