Әнару Құрманәлінің ісінде тағы бір білікті адвокат іске қосылды

Белгілі адвокат Ләззат Ахатова қорғауындағы Әнару Құрманәлінің ісі туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Оның айтуынша, Жанқош Тұраровқа қатысты іс аяқталған жоқ. Әлі де тергеу жүріп жатыр.
«Дәл қазір әріптестермен бірге шағым жазып жатырмыз. Сараптама қорытындысы шықты. Енді боксерды қамауға алудың орнына тергеудің басшысы тағы басқа ауданға ауысып кетіпті. Ал жаңадан тағайындалған тергеуші отпускіге кетеді-мыс. Істі қалайда сотқа жеткіземіз, сіздер арам ойлағандай емес. “Каждый по себе судит” деген, диванда жатқандарға бәрі оңай шығар», деп жазды ол. Сондай-ақ адвокат қыздың әкесі Қалдыбек Құрманалиев жүрегі сыр беріп, қазір Алматыда ауруханада жатқанын жеткізген.
«Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас Прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек» деді Л.Ахатова.

Related posts

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының өнімдері еліміздегі сауда желілерінде сатылымда

Түркиядағы бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

Назия Жоямергенқызы

Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 60-қа жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

Назия Жоямергенқызы