Қант зауыттарына жеңілдетілген несие беріледі

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен негізгі азық-түлік өнімдерін өндіру және бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау барысында қант зауыттарын айналым қаражатымен қамтамасыз ету және қызылша өсірушілерге субсидия төлеу бойынша шешімдер қабылданды.

Үкімет шешімімен қыркүйек айының соңында қызылша өсірілетін Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Бұл осы корпорацияларға айналым қаражатын жеңілдетілген пайызбен толықтыру үшін қант зауыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қант зауыттарына жеңілдікпен кредит берудің жалпы сомасы 25,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 15 млрд теңгеге «Ақсу қант» зауытына несие желісі ашылып, «Жетісу» ӘКК арқылы 1,6 млрд теңге бөлінді. Меркі қант зауытына 10,8 млрд теңгеге несие желісі ашылды. Осылайша, қант зауыттары жақында қызылша өсірушілермен тапсырылған жаңа өнім үшін есеп айырыса алады.

Related posts

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ШАРА

Түркиядағы ЮНЕСКО тізіміне енген нысандар

ttjk

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

editor