Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Кездесуде Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, егін орағы және жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берді.

Биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында экономиканың өсімі 3,7 пайызды құраған; – құрылыс (8,8%), көлік және қойма ісі (7,9%), байланыс (7,4%), сауда (5,5%), өңдеу өнеркәсібі (4,9%) секторларындағы көрсеткіш едәуір жақсарған. Ауыл шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 3 есе ұлғайып, 580 миллиард теңгеге жеткен. Бүгінде еліміз бойынша дәнді және бұршақты дақылдар алқабының 70,2 пайызы жиналып, 17,2 миллион тонна астық бастырылған. Диқандар арзан жанар-жағармаймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндады. Әлеуметтік нысандардың дайындығы жоғары деңгейде. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына әзірлеу жұмыстары 98,3 пайызға орындалған. Электр стансаларына жыл сайын 60 миллион тонна көмір қажет. Қазір оның қажетті қоры бар. Су тасқыны салдарын жою жөніндегі бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы мен келесі жылы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары туралы айтты.

Зардап шеккендердің барлығына әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақы төленген; – баспанасынан айырылғандарға 5767 тұрғын үй сатып алынды және 2576 жаңа үй салынған. Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарындағы 104 нысанда жұмыс аяқталуға жақын; – су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіп әлеуетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Related posts

АСТАНАДАҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВ ОРТАЛЫҒЫНДА 220 СПОРТШЫ ЖАТТЫҒАДЫ

Назия Жоямергенқызы

ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады

ttjk

Бас есепші бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған

editor