Түнгі автобустарға тыйым салынды

Сенбі, 14 қыркүйектен жексенбі, 15 қыркүйекке қарайтын түні Астанада түнгі автобустар жұмысын тоқтатады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқу маусымы басталып, жолаушылардың саны артқан соң,  сондай-ақ, қалалық бағдарларда түнгі автобустарды пайдалану тиімдірек болатынын ескере келе, түнгі маусымдық бағдарлар қозғалысын 14 қыркүйек сенбіден 15 қыркүйек жексенбіге қараған түні тоқтату туралы шешім қабылданды. Айта кетсек, №№ 201, 202 және 203 түнгі автобустары қатынаған күннен бастап 21 116 жолаушыны тасымалдаған» деп хабарлады компания.

Осы күнге дейін №201 автобусы 10 534 жолаушыны, № 202 бавтобусы 5 061 адамды, № 203 автобус 5 521 жолаушыны діттеген жеріне жеткізген. Алайда компания осы аралықта жай қалалық автобуспен шамамен 500 мыңға жуық жолаушы жүргенін жеткізеді. 14 қыркүйектен бастап осы үш автобус та түнде қала ішінде жүрмейді.

Related posts

Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі тағайындалды

Назия Жоямергенқызы

ОПЕРАЦИЯ “НАБАТ”

Назия Жоямергенқызы

Знаменитый культурный центр Ататюрка в Стамбуле приветствует отмеченную наградами инсталляцию OpenWork — к 100-летию Республики

Назия Жоямергенқызы