Жасөспірімдер жазаға 12 жастан бастап тартылу керек

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов елдегі қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14-тен 12-ге дейін түсіруді ұсынды.

Соңғы жылдары зорлық-зомбылық жасаған жасөспірімдердің дені ешбір жазаға тартылмай, құтылып кетіп жатыр. Ал соңғы кезде осы оқушылар арасында кикілжің жиілеген. Осылай деген ол Үкіметтен буллингтің түп-тамырын жоятындай нақты шаралар қабылдауды талап етіп отыр.

Магеррам Магеррамовтың сөзінше, кейбір заңбұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке 14 емес, 12 жастан бастап тарту қажет.

«Біздің ойымызша, зорлық-зомбылықты бастапқы кезде жою керек. Бірақ бүгінгі күні агрессорлар жасына байланысты жазасыз қалады. Бәлкім, біз, заң шығарушылар, кейбір қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жастың шекті мәнін 14 жастан емес, 12 жастан бастап қарауымыз керек шығар. Бұған зорлық-зомбылықты жатқызуға болады. Мұндай тәжірибе Ұлыбританияда сәтті қолданылып келеді. Сондай-ақ халық қалаулысы жасөспірімдерге құқықтық тәрбие берудің ерекше әдісіне көшуді ұсынды. Оны барлық мүдделі мемлекеттік органдар егжей-тегжейлі пысықтауы тиіс. Сондықтан оқу-ағарту ведомствосының өкілдері, Ішкі істер және Әділет министрліктерімен бірлесіп, барлық мектептерді ақпараттық база құру керек», дейді депутат.

Related posts

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Назия Жоямергенқызы

Түрік асханасындағы өсімдіктер дәмді әрі пайдалы

ttjk

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері айтарлықтай өседі

Назия Жоямергенқызы