Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Президент әріптесі Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жолдап, екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы мен серіктестігін одан әрі нығайтудың маңызды екеніне назар аударды.

Яшар Гюлер атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Түркияның Қазақстанмен өзара сенім және қолдау рухындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады. Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселесі қарастырылды.

Related posts

Традиционный турецкий завтрак: «Золотая еда дня»

ttjk

Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдайды

Назия Жоямергенқызы

Полиция қызметкеріне пара ұсынып, қылмыстық жауапқа тартылды

editor