Тоғызқұмалақтан ел құрамасы үш алтын медаль иеленді

Қазақстан құрамасы тоғызқұмалақ турнирінде тамаша өнер көрсетті. Спортшылар үш алтынды жеңіп алып, спорттың осы түрінен командалық есепте бірінші болды.

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды.

«Думан» қонақ үй және спорт кешенінде өткен жарыста әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы – алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі. Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов – алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлде алды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, Көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында – Қырғыз Республикасы, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан ірі есеппен медальдық есепте бірінші орында тұр.

Related posts

ДЕНИС ТЕН АТЫНДАҒЫ ҚОР ҚҰРЫЛДЫ

ttjk

Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісі фракцияларының жетекшілерімен кездесті

ttjk

Курашты 13 жүлдемен қортындыладық

editor