Қазақстан қоржынында алғашқы алтын

Елордада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан сынға түскен қазақ спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды.

Аударыспақтан 60 келі салмақта өнер көрсеткен спортшы  көшпенділер ойындарында осылайша жеңімпаз атанды.

«Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған еді. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттендім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын», – деді Ермек Құралбай.

Сонымен бірге дүбірлі додадағы екінші алтынды  қазақ күресінен Айжан Жылқыбаева алды. Ол ақтық сайыста қырғыз палуаны Луиза Асакееваны тізе бүктірді.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы қатысып жатыр. Ал ертең қазақ палуандары Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

Related posts

Топ бәйгеде топ жарды

editor

СТАМБҰЛДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КӨРМЕСІ

МАКГРЕГОР МАНСАБЫН ТОҚТАТТЫ

ttjk