Оқушылар уланған асхана жабылды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылындағы мектеп асханасы жаппай уланудан кейін жабылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше ауылға балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің қызметкерлері барған. Жалпы, 460 бала дәрігерге жүгініп, 377 оқушы үйінде емделген. 83 бала ауруханаға түссе, жан сақтау бөліміндегі екі бала бүгін палатаға ауысқан.

«Мектеп асханасы мөр басылып, жабылды. Бүгіннен бастап оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша бүкіл облыстағы мектеп асханаларына мониторинг жүреді», — деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

 

Related posts

Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапармен келді

editor

Назначен руководитель Департамента государственных доходов по Жамбылской области

Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ сессиясы өтті

Назия Жоямергенқызы