2026 жылға дейін шенеуніктердің айлығын көтеруге тыйым салынды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мораторий енгізді. Тиісті құжат үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланған.

Тыйым 2026 жылға дейін енгізілген. Бұл шешім мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында қабылданып отыр. Бұған сәйкес, мемлекеттік ведомство, комитеттер, президенттің өңірлердегі уәкілетті өкілдіктері, сондай-ақ жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге тыйым салынады. Оған қоса мемлекеттік органдардың штат санын кеңейтуге де  рұқсат етілмейді.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, сондай-ақ штат құрылымын өзгерту ерекше жағдайларда тек мемлекет басшысының жеке шешімімен мүмкін болмақ. Мораторий қызметін Президент пен Министрлер кабинеті шешімдерінің орындалуын бақылау бөлімі қадағалайтын болады.

#садыржапаров #қырғызстан #мемлекеттікқызмет #шенеунік

Related posts

Türk Keneş’inde Macaristan

ttjk

ТУРИСТИЧЕСКАЯ ВЫСТАВКА В ИЗМИРЕ

ttjk

Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді

Назия Жоямергенқызы