АТЫРАУ: «ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ & YOUTUBE»

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде 2024 ж. 18 қыркүйекте Атырау қаласында «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» жобасы шеңберіндегі «Журналистикадағы жасанды интеллект және YouTube» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізеді.

Аталған семинарлар тізбегі өткен аптада Семей мен Қарағандыда өткен. Тамыз-қараша аралығында Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау қалаларында «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» жобасының шеңберінде ұйымдастырылады.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар «Әлеумет — қоғам айнасы» байқауында бақ сынайды. Байқау жеңімпаздары Алматыда өткізілетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысады.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408.

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #wfpa #worldforeignpressassociation #chevron #шеврон

Related posts

Вызовы и перспективы государственной службы были обсуждены 200 практиками, учеными и экспертами из 20 стран мира

ttjk

Алачаты: где бьется сердце серфинга

Назия Жоямергенқызы

Тұрғындарға тиесілі тегін дәрі-дәрмек берілмеген

editor