АТЫРАУДАҒЫ СЕМИНАР: «ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ»

  • Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) «HALYK BANK” серіктестігінде 2024 ж. 19 қыркүйекте Атырау қаласында «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» жобасы шеңберіндегі «Интернеттегі алаяқтық. Алдын алу жолдары» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізеді.

Аталған семинарлар тізбегі Атырау, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтауда ұйымдастырылады.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар Түркітілдес журналистер қорының “Halyk Bank” АҚ серіктестігінде 2017 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Еркін сөз»-2024 байқауында бақ сынайды. Байқау жеңімпаздары 2024 ж. 11-12 қарашада Алматыда өткізілетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысады.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #wfpa #worldforeignpressassociation #халықбанк #halykbank #қаржылықсауаттылық #halykbankтренингтер #іскерлікжурналистика #халықбанкпентренинг

Related posts

A never-ending journey of lush forests, historic cities and turquoise coasts… Discover the Turkish Riviera by Bicycle

ttjk

Программа безопасного туризма в Турции стала безопаснее с Программой по вакцинации работников туристического сектора

ttjk

Былтыр Қазақстанға 100 мыңнан астам үнді саяхатшысы келген

editor