5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне өткен

Былтыр 5,2 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның 4,8 миллион гектары жайылымдық жер. Бұл деректі үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайлов айтты,-деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Премьер-министр жайылымдық жерлердің ауылшаруашылығын дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін алға тартты. Ол былтыр құрылған арнайы комиссияның заңсыз берілген жерлерді қайтарумен нәтижелі айналысып жатырғанына да тоқталды.

Ал жұмыстың қарқынды жүруіне президенттің аграрлық саладағы шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мүмкіндік беретін жарлығы ықпалын тигізген.

Премьер-министр ауылшаруашылығын дамыту үшін бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын айтты.

«Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Биыл тағы 5 млн гектар жерді қайтарып алу жоспарлануда. Бұл орайда елді мекендер маңында орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлерін қайтарып алу маңызды. Оларды қоғамдық пайдалануға немесе жеке қосалқы шаруашылық кооперативтеріне беру қажет. Қолданыстағы заң бұған мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елді мекендер маңында жайылым жерлерінің аз болуы жеке қолдағы мал басының өсуіне шектеу қойып отыр. Сондықтан, жайылымдарды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сурет: agroinfo.kz

 

Related posts

СТАМБҰЛДАҒЫ АРАСТА БАЗАРЫ

ttjk

TEKNOFEST-2023 БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

ttjk

Plan your most romantic Valentine’s Day escape in Türkiye

ttjk