Отбасы мүшелерін тұрақты тіркеуге арналған қызмет

 Тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуді тез әрі ыңғайлы рәсімдеу қажет пе? Halyk Homebank қосымшасындағы бірегей жаңа сервисті пайдаланыңыз және тіркеуге өтінімді бірнеше минут ішінде беруге болады.
     Енді көшіп келген тұрғылықты жерге тіркелу үшін Halyk Homebank қосымшасы орнатылған смартфонның болғаны жеткілікті. Жаңа сервисті пайдаланудың маңызды шарты мемлекеттік дерекқорларда цифрландырылған мәліметтің болуы (тұрғын үй иесі, бірге иеленушілер және тіркелетін адам) және Halyk Homebank қосымшасынатіркелу қажет. Қосымша арқылы өзіңізді, 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаңызды тіркей аласыз.

       Мысалы, егер сіз тіркелу қажет тұрғын үйдің иесі болсаңыз, Halyk Homebank қосымшасына кірсеңіз жеткілікті:

1. мемлекеттік қызметтер бөлімінде «Тіркелу» тармағына кіріңіз

2. «тіркелу түрін» таңдаңыз — «тұрақты / уақытша»

3. «өзіңізді» немесе «балаңызды (14-16 жас)» көрсетіңіз

4. «меншік иесі» қойындысында жылжымайтын мүліктің нақты мекенжайын толтырыңыз

5. өзіңіз туралы жалпы ақпаратты көрсетіңіз

6. жолданған СМС-код арқылы өтінімге қол қойыңыз

Өтінімнің нәтижесі экранда көрсетіледі, сондай-ақ оны Halyk Homebank қосымшасының «Тарих» бөлімінде көре аласыз.

           Сонымен қатар, сіз достарыңызды, туыстарыңыздынемесе кез келген үшінші тұлғаны тіркей аласыз. Бұл жағдайда банк қосымшасындағы тіркелу бөлімінде «Мен үй иесі емеспін» тармағын таңдап, жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН енгізіп, өтінімге қол қою қажет. Келісілгеннен кейін сізге тіркеу нәтижесі туралы хабарлама келеді.

           Банк қосымшасы үшін бірегей қызмет ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және ҚР ІІМ «ақпараттық-өндірістік орталық» РМК қолдауымен HalykHomebank клиенттері үшін цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін кеңейту шеңберінде енгізілді.

           Halyk Homebank қосымшасының цифрлы қызметтері, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің тізбесі үнемі кеңейіп отырады. Клиенттер белсенді дамып келе жатқан цифрлы мемлекеттік сервистердің кең мүмкіндіктерін барынша пайдалана алуы үшін Halyk Bank мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке бизнес серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатуда.

Related posts

5 reasons to explore Urla, Türkiye’s rising culinary hub

ttjk

СТАМБҰЛДАҒЫ УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ

ttjk

Австрияға тікелей рейс ашылады

editor