31 АРНАНЫҢ БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ – «I AM SINGER»

Бүгін Алматыда 31 арнаның ұйымдастыруымен,  «I am singer» халықаралық жобасының тұсаукесері өтті. Жобаның жаңалығы: биылғы Байқауда кәсіби әншілер бақ сынасады және сыйақы қоры 50 миллион теңге болмақ.

31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов 2018 жылдың мамырынан бастап 28 шілдесіне дейін өтініш қабылданғанын, байқауға Қазақстан азаматтарымен бірге шетелдік өнерпаздар да қатысуға қақылы екенін жеткізді.

Бүінге дейін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Әзірбайжан, Иран, Армения, Беларусь пен Ресейден 3 мыңнан астам әнші «I am singer» жобасына қатысуға өтініш білдірген. Екінші маусым 2018 жылдың 9 қыркүйегінде көрсетілімін бастайды. Сарапшылар арасында елімізге танымал әншілер – Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев т.б. бар.

2017 жылы күз бен қыс айларында ұйымдастырылған бірінші маусымда әлемнің 6 мемелкетінен әншілер қатысып, Қайрат Түнтеков жеңіске жеткен.

Байқаудың ұйымдастырушылары мәдениет саласымен бірге отандық туризмді дамытуға да мүдделі. Мәселен, 8 елден келетін қатысушылар жоба күнделігін жүргізу барысында Алматының тарихи мекендері мен әсем жерлерінде болып, өз мемлекеттеріне елімізді насихаттауға үлес қосады. Сонымен қатар шетелдік қонақтар мен отандық өнерпаздар биыл құрылғанына 200 жыл толатын Қызылорда қаласына сапарлап, ол жақтан да әдемі әсермен оралады. Осының бәрі Қазақстанда кенже қалған ішкі туризмді дамытуға сеп.

Related posts

Halyk Bank – Қазақстан Олимпиада құрамасына демеуші

ttjk

«IITU Robocon Games» чемпионаты

Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясы шақырылады

ttjk