3,5 мың адам скринингтен өте алмай отыр

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МӘМС-ке төлем салмағандар обыр скринингінен өте алмай жүргенін жеткізген. Оның айтуынша, 3,5 миллион адам онкологияны ерте анықтайтын скринингтен өте алмай отыр. Өйткені олар МӘМС-ке жарна төлемейді. Бірақ қатерлі ісік – ұзақ уақыт бойы еш белгі бермейтін қауіпті ауру. Ал алғашқы белгілері пайда болғанда науқастардың өмірін сақтап қалу қиын.

Бұл  мәселені шешу жолында қандай шаруалар атқарылып жатқанын айтқан ол: «Бұл мәселені шешу үшін бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Жақында барлық азамат үшін, оның ішінде МӘМС-ке жарна төлемегендер үшін де, онкологиялық скринингті қолжетімді етуді қарастыратын түзету енгіздік. Иә, бұл қосымша қаржы талап етеді, бірақ бұл көптеген адамның өмірін құтқарады. Адамгершілік тұрғысынан бұл — дұрыс шешім. Ал экономикалық тұрғыдан бұл — прагматикалық қадам. Себебі қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау мемлекетке кеш анықталған жағдайларды емдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», деп отыр.

Сондай-ақ депутат қазір бұл бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі де қолдап, Үкімет те өз қорытындысын берген.

Related posts

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҚОРЫ» АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ttjk

Афьонкарахисар: Ұлы мешіт

ttjk

АНТАЛИЯДА HESTOUREX-2019 ТУРИЗМ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

ttjk