25 мамыр күні соңғы қоңырау болмайды

 

Биылғы оқу жылы біраз өзгеріспен аяқталмақ. 2025 жылы соңғы қоңырау дәстүрлі түрде 25 мамырда соғылмайды. Себебі бұл күн жексенбіге сәйкес келіп тұр. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрі 11-сынып түлектерінің салтанатты шарасы 23 немесе 24 мамыр күні өтетінін мәлімдеді.

Министрліктің ресми ақпаратына сүйенсек, биыл 11-сыныпты еліміз бойынша 217 мың оқушы аяқтайды.

Дегенмен, министрлік ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушыларға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертті. Соңғы қоңырау – қуаныш пен естелікке толы күн болғанымен, оны асыра тойлау қажет емес. Әсіресе көлікпен серуендеп,шулы мереке ұйымдастыру – бас тартуға тұрарлық әрекеттер-деп ескерту жасалынды.

 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік  технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығы ның 1-курс студенті Ақерке Тұрғанбек

Related posts

Гейв-Хань — историческое здание Бурсы.

ttjk

Назарбаев зияткерлік мектебі шақырады

ttjk

Датча и Мармарис: маршруты, объединяющие зеленый и синий

Назия Жоямергенқызы