Ауыр жүк көліктерін тіркеудің 677 фактісі анықталды

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары Алматы облысының Прокуратурасымен бірлесіп, Алматы облысы Әкімшілік полиция басқармасының 2022 жылды тексеру қорытындысы бойынша 5,1 млрд.теңге сомасына көлік құралын бастапқы тіркегені үшін алым және 0,7 млн. теңге сомасына мемлекеттік баж төлемей шетелден әкелінген ауыр жүк көліктерін тіркеудің 677 фактісін анықтады.
Алматы облысы бойынша ЭҚД 3,1 млрд. теңге сомасындағы 413 салық төлеушіге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Көлік құралын тіркегені үшін алым бір рет төленеді.
Үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдары, атап айтқанда, шығарылған жылы 7 жылдан асатын ершікті тартқыштар, шығарылған жылы 5 жылдан асатын автобустар мен жүк автомобильдері бастапқы есепке қою кезінде алым төлемеген, оның мөлшері 2 500 АЕК немесе 7,6 млн.теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта ӘПБ борышкерлерге хабарлама жіберу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Related posts

Знаменитые турецкие десерты

Назия Жоямергенқызы

Сарыкамыш: самая восточная вершина Турции

ttjk

A Museum Showcasing a Global Heritage: Ephesus

Назия Жоямергенқызы