16 шілдеде Астанада электр энергиясын, ыстық және суық суды жоспарлы өшіру жалғасады. Бұл туралы қала әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жариялады.
Атап айтқанда, ыстық су келесі уақыт аралығында болмайды: 08:00-ден 17:00-ге дейін, сондай-ақ 09:00-ден 16:00-ге дейін.
Учаскелерде шарлы крандарды ауыстыру, құбырларды қосу және тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Жоспарлы жұмысқа байланысты суық су да өшіріледі. Келесі үйлердің тұрғындары үшін су 10:00-ден 15:00-ге дейін, сондай-ақ 10:00-ден 17:30-ға дейін болмайды:
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Сондай-ақ 16 шілдеде Астанада электр энергиясын өшіру жоспарланған. Мекенжайға байланысты жарық 08:30-дан 16:30-ға дейін, 08:30-дан 16:00-ге дейін, 09:00-ден 16:30-ға дейін, 09:00-ден 11:00-ге дейін, 09:30-дан 11:30-ға дейін, 13:30-дан 15:30-ға дейін болмайды. Себебі – күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету және өзге де жұмыстар.
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Сонымен қатар ертең Астанада күн бұлтты болады деп күтіледі, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел жылдамдығы түнде секундсына 5-10 метр, күндіз 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус болады.
Tengrinews.kz
