БУРАК ӨЗЧИВИТ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ БЕДЕЛДІ ЖОБАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН АЛМАТЫҒА КЕЛДІ
Бүгін Алматыда «RAMS Global» компаниясы халықаралық ауқымдағы тағы бір бірегей құрылыс жобасын таныстырды. «RAMS BEYOND» аталатын бұл жобаның басты ерекшелігі — Қазақстандағы туризмді дамытып, еліміздің имиджін әлемдік аренада қалыптастыруға ықпал етеді. Құрылыс нысанында жоғары сапалы апартаменттер, 5 жұлдызды қонақүй, коммерциялық орталықтар, пентхаустар мен мейрамханалар бар.
Халықаралық жобаның тұсаукесеріне «RAMS Global» жобаларын жарнамалайтын әлемге танымал актер Бурак Озчивит Түркиядан арнайы келді. «Сұлтан Сүлеймен» және «Азаттық: Осман» сияқты танымал сериалдардың жұлдызы Бурак Өзчивит: «Атажұртқа 10 жылдан бері келіп жүрмін. Мен үшін орны бөлек. Өнер адамы ретінде ортақ тарихымыз, мәдениетіміз бен әдет-ғұрпымызды қолымнан келгенше насихаттаймын. Болашақта отбасыммен бірге келсем деймін. Балаларым Атажұрттың топырағында алаңсыз асыр салғанын қалаймын», — деді.
Жоба Алматының орталық бөлігіндегі 50 000 шаршы метр аумақты алады. Ол Алматыдағы ең биік те сәнді тұрғын-үй ғимаратына айналады. Оның архитектурасы 40 қабаттық жайлы әрі инновациялық сәулетке ие.
Алматы сейсмикалық ахуалы тұрақсыз аймақта орналасқандықтан, көпшілікті жаңа жобаның қауіпсіздігі мен зілзалаға төтеп беру күші алаңдатты. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, халықаралық мекемелермен серіктестік орнната отырып, зілзалаға қарсы тұру деңгейін қамтамасыз еткен.
Нәзия Жоямерегенқызы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ.