24KZ арнасының хабарлауынша, елде өрт дерегі 1,3%-ке азайып, қызыл жалыннан опат болғандар саны 13%-ке қысқарған. Дегенмен қауіпсіздікті қаперге алмайтындар әлі де көп. Жыл басынан бері елде 10 мың мәрте өрт шығып, салдарынан 279 адам опат болып, осынша жан жарақат алған. Әсіресе жылу беру маусымы басталғалы құтқарушылар 1130 мәрте тілсіз жаудың жолын кескен.
Сондай-ақ елді қауіпсіздік хақында құлақдар ету жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Аспандияр Сапарғалиевтің айтуынша, 1 желтоқсанан бастап республикамызда «Өрт қауіпсіздігі» айлығы жарияланған. Бұл осындай өрттердің санын төмендету және өрттерден адам қаза болу және жарақаттану фактілерін алдын алу бағытында қауіпсіздік айлығы болып жарияланған. Биыл барлығы 900 мыңнан астам тұрғын үйдің қауіпсіздігі тексеріліп, 1,5 млн адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әсіресе тұрмысы төмен отбасылардың баспаналары басты назарға алынып отыр.