Жол сапасын бағалау талаптарын қайта қарау ұсынылды

Қазақстандағы тасжолдар сапасын бағалау критерийлерін қайта қарау ұсынылып отыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жергілікті маңыздағы жолдардың 87 пайызы қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған. Алайда Мәжіліс депутаттары жергілікті жолдардың тек 31 мың шақырымы немесе 44 пайызы асфальт-бетон жабындысымен қамтылғанын айтады. Ал қалған 39 мың шақырым немесе 56 пайызы қиыршық тас, шақпақтас және топырақ жабындыларынан тұрады.

Сондықтан халық қалаулылары автожолдар сапасын бағалау критерийлерін қайта қарауды, қиыршық тас, шақпақтас және топырақ жабындысы бар жолдарды қанағаттанарлық жағдайда деп саналатын жолдар санатынан алып тастауды қажет екенін айтады. Бұл  жергілікті маңыздағы автожолдардың нақты жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ депутаттар  жергілікті техникалық қадағалау қызметтерінің әлсіз жұмысын сынға алды. Олардың жұмыс сапасына шағым әлі көп.  Себебі техқадағалау функциялары формалды түрде орындалады екен. Сондай-ақ ауыр жүк көліктерін бақылау жеткіліксіз, олар жолдың жүріс бөлігін бұзады. Бұл жүк көліктерінің салмақтық параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған станциялардың қажетті санының болмауы да маңызды мәселеге айналып отыр.

Related posts

Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады

editor

Картоп пен қызылшаның тұқымы 10 пайызға жетпейді

editor

84 мың ата-ана жазаға тартылды

editor