Жоғары лауазымды полиция қызметкері ұсталды

ҰҚК Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының (ӘТБ) бастығы пара алды деген күдікке ілінгенін растап отыр.

Осыған дейін БАҚ-да Ақтаудағы ІІМ-нің Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы мен оның қоластындағы қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Олар «қылмыстық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін бір миллион теңге көлемінде пара алды» деп күдікке ілінген.

«Бұл факті ҰҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366-бабы «Пара алу» бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Басқа ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жариялауға жатпайды», деп мәлімдеген ҰҚК баспасөз қызметі.

Related posts

Әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің арасында қазақ жоқ

editor

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

ttjk

Орталық Азия – тиімді серіктестікке мол мүмкіндік ашатын аймақ

editor