Жетісуда жантүршігерлік жол апаты болды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан жаяу жүргінші мерт болды.

Жол апаты туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желіде таратылған. Ондағы мәліметтерде апаттың Текелі қаласында болғаны айтылады.

Бұл деректі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі растады. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, Nissan Renessa көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол бойында тұрған Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан. Соққыдан көлік инерциямен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Өкінішке қарай, жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

«Полиция Текелі қаласындағы Пушкин көшесінде болған жол-көлік оқиғасын тергеп жатыр. Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа жеткізілді. Құрметті жүргізушілер, рульге отырар алдында жақсы демалуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береміз», деді полиция. Қазір күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешіліп жатыр.

Related posts

Global Incentive Travel Leaders Gathered in İstanbul for the SITE Global Conference

ttjk

Lake Garda Travel Guide and What to See and Do

ttjk

ДАРЫ ЭГЕЙСКОГО МОРЯ

ttjk