Жемқорлық жиі тіркелген

Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын арнайы карта әзірленді. Енді бұл карта арқылы 15 сала бақылауға алынбақ. Бұл туралы қалалық антикор басшысы Қанат Сүлейменов брифингте айтты.
Егер де жемқорлық фактісінің жолын кесу мүмкін болмаса, бұл картаның көмегімен жедел тергеу жұмыстарын жүргізуге болады. Ал жемқорлық фактісін алдын ала хабарласаңыз, 400 айлық есептік көрсеткішке дейін жемқорлық сомасынан 10 пайыз үстем ақы ала аласыз. Дәл осындай жыл басынан бері шымкенттік 5 тұрғын жемқорлық фактісін хабарлап, 8,8 млн теңге үстемақыға ие болған.
Жалпы биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінде 123 қылмыстық іс тіркелген. Оның 88-і жемқорлық, 31-і мемлекеттік қызметкердің сыбайластық айласы бойынша орын алған. Жемқорлық тәуекелдерін бақылайтын карта: білім, медицина, жер қатынастары, тұрғын үй, сот, полиция және мемлекеттік сатып алу сынды маңызды 15 саланы қамтиды. Биыл мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген мониторинг нәтижесінде бюджеттен 6 млрд теңге үнемделіп отыр. Қалалық антикор басшысы Қанат Сүлейменовтің сөзінше, бұл бақылау артық шығындардың алдын алмақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент шаһардағы жемқорлықтың үлесі көп салаларды атады. Оның ішінде алдыңғы орында білім беру және құқық қорғау саласы тұр.
Сондықтан алдағы уақытта  жемқорлық тәуекелдерінің картасы осы салаларды жіті бақылап, жемқорлықты жоюды көздеп отыр.

Related posts

Түркияда ірімшіктің тарихы терең

Назия Жоямергенқызы

Атырауда семинар (видео)

ttjk

Аймақ бюджетін тексеретін комиссия таратылады

editor